Видео

"Smart Сарбаз": Тараздық оқушы әскери робот жасап шығарды – видео

Жазылу
Тараздық оқушы Никита Пактың "Әмбебап сарбаз" атты әзірлемесі "Smart Сарбаз" байқауында үздік үштікке енді

Оны Никита Пак жетінші республикалық "Smart Сарбаз" конкурсына арнайы дайындаған. Робот қашықтан басқарылатын брондалған құрылым және басқару пультімен әртүрлі жүктерді тасымалдауға және жылжытуға қабілетті.

"Бұл робот қауіпті жерлерде жұмыс істеуге арналған. Ол жанар-жағар майды, дизельді, жарылыс қауіпі бар заттарды тасымалдайды. Сонымен қатар жаралыларды ұрыс алаңынан көтеріп шығаруға да қабілетті",- дейді Никитаның өзі.

Мұндай роботты жасау идеясы оқушыға Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне саяхаты кезінде келген. Сол сапардың оған шабыт бергені соншалық, ол қарулы күштер үшін пайдалы дүние жасап шығарғысы келді. 

Тараздық оқушы жасаған роботтың қабілеті туралы видеодан тамашалаңыз. 

Жаңалықтар
0