Қоғам

"Сіздерге қарағанда президент жылдам": депутат ТЖ министрлігінің кемшілігін атады

© Photo : сайт партии "Нур Отан"Мухтар Кул-Мухаммед
Мухтар Кул-Мухаммед - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед ведомствоға төтенше жағдайлар кезінде жылдам әрекет етуге кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед төтенше жағдайлар министрлігіне оперативтілік жетіспейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатта "Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету" тақырыбына арналған үкімет сағаты өтіп жатыр. Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің баяндамасынан кейін сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед ведомствоға төтенше жағдайлар кезінде жылдам әрекет етуге кеңес берді.

"Сіздің министрліктің жауапты қызметкерлеріне қарағанда, кейбір төтенше жағдайларға мемлекет басшысы тез реакция береді. Сіздерге оперативтілік жетіспейді. Болашақта осыны ескеруіңіз керек", - деді депутат.

Ол өнеркәсіптік қауіпсіздіктің көптеген талабы мен нұсқаулықтары бүгінде ескіріп қалғанын айтты. Соның салдарынан апаттар жиі орын алады.

"Егер сіздер осы заң жобаларын дайындап үлгермесеңіздер, біздің комитет көмектесуге дайын. Оның үстіне комитетте осы салаға бүкіл ғұмырын арнаған мықты мамандар бар", - деді Құл-Мұхаммед.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0