Видео

Теңіз жаяу әскерлері "Оймаша" полигонында оқ ату даярлығын шыңдады – видео

Жазылу
Ақтау гарнизонындағы "Оймаша" полигонында теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы жауынгерлік іс-қимыл мен басқа да тапсырмаларды орындады

"Бүгінгі таңда "Оймаша" оқу-жаттығу полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамы оқу-әдістемелік жиын барысында 1-теңіз жаяу әскери батальоны жеке құрамы мен бөлімшелердің ұрыс, оқ ату даярлығын шыңдау мақсатында әдістемелік-нұсқаулық сабағын өткізді", - деді гвардия лейтенанты Нұрбол Баймаханов.

Ұрыс барысында мынадай тактикалық нормативтер орындалды: жаралы адамды ұрыс алаңынан шығару, байланыс орнату, инженерлік бөгеттерден бауырымен жорғалау.

Әдістемелік сабақтардың соңында практикалық іс-қимылдар және жауынгерлік оқ ату жаттығулары орындалды.

Жаңалықтар
0