Қоғам

Наzима мен Say Mo бірге ән шығарды – видео

Назима Джанибекова   - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
Ресейдің "Песни" шоуына қатысқан қос қазақстандық әнші Наzима мен Say Mo бірге жаңа ән шығарды

АЛМАТЫ, 12 қараша – Sputnik. TНT арнасындағы "Песни" шоуына қатысқан қос қазақстандық әнші Наzима мен Say Mo бірге ән шығарды. Бұл туралы әнші қыздар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НАZИМА | BLACK STAR (@13nazima)

"Біздің "Не смей" әнімізді барлық цифрлы алаңнан тыңдауға болады. Тыңдап, жүктеп алыңыздар", - деп жазды олар.

Бұған дейін арасында реніш болған қос әнші бірнеше күн бойы кіммен бірге ән айтатынын жасырып, тыңдармандарын қызықтырып қойды. Желідегі пікірге қарасақ, көпшілік екі қазақстандықты бірге ән салады деп күтпеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НАZИМА | BLACK STAR (@13nazima)

"Жақсы көру мен жек көрудің арасы бір-ақ қадам, күтпеген дуэт", "жылдың үздік дуэті", "Қыздардың татуласқанына қуанып отырмын. Барлығы хайп үшін емес, шынайы болса жақсы", деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Say Mo (@say_mo__)

Екі қыздың арасындағы жанжал 2019 жылы "Песни" шоуының екінші кезеңінде басталды. Наzима бірінші маусымның финалына шығып, Black Star лейбліне қосылды. Ал Say Mo екінші маусымға қатысты. Қазақстанға келген соң ол "Бишарашка" деген ән шығарып, бірнеше жолын Назимаға арнады. Содан кейін тыңдармандар пікірі екіге бөлінді, әншілер арасында жанжал өршіді.

Оқи отырыңыз: Қазақ әншісі "Дауыс" байқауының тәлімгерлерін таңғалдырды – видео 

Айта кетері, "Не смей" әні қыздардың бірге орындаған екінші әні. Бұған дейін екеуі "Песни" шоуында "Не говори" деген әнді бірге орындады.

Ән Youtube платформасында 20 миллионнан астам қаралым жинады.

Жаңалықтар
0