АЛМАТЫ, 12 қараша – Sputnik. IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин желтоқсанда Big Drama Show болады деп жанкүйерлерін қызықтырып қойды. Спортшы өз жекпе-жегін осылай атайды.
Әлеуметтік желіде ол алдағы бірлескен жекпе-жектің афишасын жариялады. Соған сәйкес қазақстандық спортшының қарсыласы – жапондық боксшы, WBA Super чемпионы белбеуінің иегері Риота Мурата болады.
"Жапонияда ауқымды драма болады. 29 желтоқсанда кездескенше", - деп жазды Геннадий Головкин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жекпе-жекті DAZN қызметі көрсетеді деген болжам бар.
Екі боксшы да ұзақ үзілістен кейін алаңға шығады. Головкин былтыр желтоқсаннан бері кәсіби аренаға шықпады, ал Мурата 2019 жылдың соңынан бері жеке-жекке шықпады.
Риота Муратаның кәсіби алаңдағы жолы 2013 жылы басталды, ол 18 жекпе-жек өткізген, оның 16-сында жеңіске жеткен. Соның ішінде 13 адамды накаутқа түсірген. Мансабында екі жеңіліс бар, бір рет тең түскен.
Бұған дейін боксшылардың жекпе-жегі DAZN қызметі олардың алаңға шығуын растамайынша өтпейтіні хабарланған. Тараптар келісті. Бұл Головкин үшін DAZN-мен жаңартылған мәміле аясындағы алғашқы жекпе-жек болады.