Оқиға

Алматы тұрғыны әйелін ұрып өлтірді – видео

© Sputnik / Табылды КадырбековСлучаи бытового насилия, архивное фото
Случаи бытового насилия, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Көрпені ашқанда әйелдің өлі күйінде жатқаны анықталды. Денесінде көгеріп қалған жерлер де болды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Алматыда үш баланың анасы күйеуінің қолынан қаза тапты. Ер адам қашып бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға Ақбұлақ ықшам ауданында болған. 42 жастағы әйелдің анасы үйдегі айқай-шуды естіп, учаскелік инспекторды шақырды. Ал өзі үйге кірген жоқ.

"Айқай-шуды естідім, тағы балалары ойнап жүр деп ойладым. Неге екенін білмеймін, өзім кірген жоқпын. Анау шығып кетті де, жоқ болды. Артынан мен кірдім. Қызым төсекте жатыр, үстінде көрпе болды. Ұйықтап жатыр деп ойлап қалдым", - дейді ол.

Көрпені ашқанда әйелдің өлі күйінде жатқаны анықталды. Денесінде көгеріп қалған жерлер де болды.

Алатау аудандық полиция бөлімінің инспекторы Дәурен Шәпкенов күдіктіні қашып бара жатқан жерінен ұстап алды.

"Мен оны Шәріп көшесінің бойынан ұстап алдым. Сосын оқиға орнына алып келдім", - деді Шәпкенов.

39 жастағы күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ.

"Мен кеткенде ол тірі болған", - дейді ол.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0