Саясат

Қайрат Лама Шариф жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Фотобанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Ол 2020 жылы қыркүйекте Қазақстанның Египет Араб республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне кіріскен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шариф басқа қызметке ауыстырылды, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстанның Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Жаңа елшінің өмірбаяны

Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф 1962 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысының Ертіс қаласында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық училищесін, одан кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін үздік бітірген.

1986—1989 жылдары Иеменде араб тілінің аудармашысы болып жұмыс істеген. Ал 1990 -1991 жылдары "Рауан" баспасының шетел тілдері редакциясының редакторы болды.

1991-1993 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің араб филологиясы кафедрасында оқытушы, 1993 жылы тамыз айынан бастап, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық құрылымдарында бірқатар жауапты қызметтер атқарды.

2000 жылдың желтоқсанынан бастап сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім меңгерушісі, басқарма бастығы, директорының орынбасары, одан кейін Президент әкімшілігі сыртқы саясат орталығының бас инспекторы болып істеді. Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы елшісінің кеңесшісі болды.

2006-2011 жылдары - Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Эмираттарындағы елшісі, Ислам конференциясы ұйымындағы Қазақстанның тұрақты өкілі, Қазақстанның Кувейттегі, Оман сұлтанатында және Бахрейін корольдігінде елші қызметін қоса атқарды.

2013-2019 жылдары – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі, баламалы энергия жөніндегі Халықаралық агенттіктегі Қазақстанның тұрақты өкілі.

2019 жылдан бастап сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқаруға кірісті.

2020 жылы қыркүйекте Қазақстанның Египет Араб республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Жаңалықтар
0