НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Режиссер Әділхан Ержановтың "Сары мысық" фильмі "Оскарға" ұсынылды, деп хабарлады "Қазақфильм" киностудиясы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясына Қазақстанның Оскар комитетінің шешімімен елімізден "Сары мысық" фильмі америкалық киноакадемияның беделді "Оскар" байқауына ұсынылып, кинопремияның лонг-лист тізіміне енгізілді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, басты рөлдерді Азамат Нығманов, Камила Нұғманова, Еркен Ғұбашев, Ержан Жаманқұлов және Санжар Мәди сомдайды. Ал фильмнің продюсерлері - Серік Әбішев пен Ольга Хлащева.
"Сары мысық" фильмі
Фильм қазақстандық "Бонни мен Клайдтың" оқиғасын баяндайды.
Кермек есімді жас жігіт түрмеде жазасын өтеп, қылмыстық топ иемденіп, өзінің қатал заңдарын орнатқан туған қаласына оралады. Жігіттің ғашығы Ева, қылмыскерлердің ықпалынан теріс жолға түскен, Кермек өзі де қылмысқа белшесінен батады. Бірақ ол сүйген қызымен бірге еркіндікке қол жеткізіп, кинотеатр салу туралы арманын тастамайды. Ол қалай да арманына қол жеткізуге бел байлайды.
Режиссер жайлы
Әділхан Ержанов - Канн халықаралық кинофестивалінің ресми бағдарламасының екі дүркін қатысушысы ("Үкілі Камшат", 2014, және "Әлемнің ерке енжарлығы", 2018 жыл "Ерекше көзқарас" бағдарламасы).
77-ші Венеция кинофестивалінің “Көкжиектер” конкурстық бағдарламасының қатысушысы (“Сары мысық”, 2020).
“Қап-қара адам” фильмі үшін “Asia Pacific Screen Awards-2019” (Азиялық “Оскар”) жүлдесінің “Үздік режиссер” номинациясының жеңімпазы
EFA Еуропалық киноакадемиясының мүшесі.
APSA Азиялық-Тынық мұхит кинопремиясы академиясының мүшесі.
2017 жылы Брисбенде APSA халықаралық қазылар алқасының құрамында болды.
"Үкілі Камшат" және "Әлемнің ерке енжарлығы" фильмдері APSA сыйлығын алуға "Үздік фильм", "Үздік сценарий" және "Үздік қоюшы оператор" санаттарында ұсынылды.
Әділхан Ержановтың жұмыстары көптеген халықаралық кинофестивальдерде бірнеше рет мойындалды.
"Үкілі Камшат" фильмі әлемдік жетекші киносыншылармен жоғары бағаланып, 2015 жылы Бусан Халықаралық кинофестивалінің "100 үздік азиялық фильмдер" каталогына кірді.
2014 Atelier Cinefondation Канн халықаралық кинофестивалінің, Берлин Халықаралық кинофестивальдің Berlinale Talents'2014 шеберханасы және Locarno Open Doors-2010 бағдарламасының қатысушысы.