Әлем

Достоевскийдің туғанына 200 жыл: жазушының оқырманға бейтаныс қырлары

© Sputnik / Абзал КалиевВыставка # Достоевский 200, посвященная юбилею великого писателя
Выставка # Достоевский 200, посвященная юбилею великого писателя - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
Достоевский тілі ащы, сөзі өткір сатирик ретінде де танымал. Ол осы қабілетін өз қарсыластарына сес көрсету үшін де қолдана білген

МӘСКЕУ, 11 қараша – Sputnik. Бүкіл әлем ең танымал орыс жазушысы – Достоевскийдің 200 жылдығын атап өтуде. Бүгінде Федор Михайлович морализатор емес, өткір ойлы сатирик және детектив жанрында жазатын ХІХ ғасырдағы бас жазушы ретінде танымал, деп жазды РИА Новости.

Ғалымдар мен публицистер Достоевскийдің бейнесін ашу барысында оның шығармашылығындағы әлеуметтік және өнегелі тұстарына мән береді. Мұнда алып-қосатын ештеңе жоқ секілді: себебі Федор Михайловичтің барлық философиялық мәтіні әдеби сыннан өтіп қойған.

Алайда беллетристік, кейде сатиралық тұсы кәсіби зерттеудің назарынан тыс қалып қойған секілді. Оның жазушы ретінде қалыптасып, бүкіл әлемге танымал болуы көп жағдайда оның туындыларының желісіне негізделген.

Директор музея Достоевского в Семее Ирина Соловьева - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Қоғам
"Аргентина мен Жапониядан келетіндер бар": Семейдегі Достоевский музейінен репортаж

Федор Михайлович мұны жақсы ұғынып, күні бүгінге дейін аса танымал әдеби үлгіні романдарына негіз еткен. Қарап отырсақ, оның туындыларының басым бөлігі сюжеті еліктіретін детективтер.

"Қылмыс пен жаза" жәй детектив емес, ол тергеу мен өкініш туралы әңгіме: автор жағдайға қылмыскердің көзімен қарап, оның санасына енуге мүмкіндік береді. Бұл туынды қылмыс жасаған адамның атынан жазылған алғашқы роман – Агата Кристидің "Роджер Экройд өлімі" пайда болғанға дейін жарық көрген туынды. Достоевскийдің сөзді ұтымды қолдану шеберлігі оқырманға бір сәтте Раскольниковқа жанашырлықпен қарап, қылмысқа не итермелегеніне түмсіністік танытуға итермелейді.

Достоевскийдің кісі өлтіруші Рогожиннің қылмысқа қадам басып, кері шегіне алмауын баяндайтын "Ақымақ" детективі, террористік ұйым туралы баяндайтын "Ібіліс", әкесін өлтіруге себебі бар адамдар жайлы баяндайтын "Ағайынды Карамазовтар" детективі туралы да осылай айтуға болады.

Бәлкім, тәжірибелі әдебиеттенашу бұл көзқарасты тым үстірт деп айыптауы мүмкін. Әйтсе де оқырман автордың ой-пікірі біртіндеп көрініс беретін сюжетті қызықтаумен болады. Ал Достоевскийдің сюжет құрастырушы ретінде шеберлігі еш күмән тудырмайды.

Достоевский тілі ащы, сөзі өткір сатирик ретінде де танымал. Ол осы қабілетін өз қарсыластарына сес көрсету үшін де қолдана білген. Мысалы, жеңіл әрі күлкілі әңгіме – "Қолтырауын". Әңгіме желісі бойынша аңдар тұрағына келген шенеунік қолтырауынның қытығына тиеді де, қолтырауын оны жұтып қояды. Ол бауырымен жорғалаушының асқазанында отырып, мұнда жылы әрі қолайлы екені туралы баяндайды.

Басшылық ол либералды тенденциялардың ықпалымен қолтырауын асқазанында тығылып отыр ма деп те күдіктенеді. Замандастары арық, көзілдірік киген шенеуніктің бейнесінен Чернышевскийге пародияны байқағаны анық. Ал Достоевский "Жазушы күнделігінде" нақты ешкімді суреттемегенін айтып ақталды. Әрине, жазушыға сенуге болады. Ол нақты Чернышевскийдің емес, ұжымдық кейіпкердің бейнесі болатын.

Достоевский атындағы театр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2019
Дерекқор
Достоевский атындағы театр: тарихы мен қызықты деректер

"Ұжымдық морализатор" – Достоевский сынға алған кезекті бейне. Басты кейіпкердің бітім-тұлғасы көпшілікке Гогольді еске түсіруіне себеп жоқ емес. Сонымен қатар жазушы "Ібіліс" әңгімесінде жазушы Кармазинов "Merci" әңгімесін оқып, табиғатты сипаттап, алғашқы махаббатын еске түсіріп, шетелдік түрлі композитордың есімін таныстырады. Бұл кейіпкер оқырманға Иван Тургеневті еске түсіреді. Себебі Достоевский екеуінің қарым-қатынасы күрделі болғаны бәріне аян. Осы туындыға дейін түрлі жазба-әңгімедегі астыртын келеке-мазаққа түсіністікпен қарап келген Тургенев бұл жолы қатты ашуға беріліп, өзіне жасалған карикатураға шамданды. Қарым-қатынасты түземек болған Достоевскийдің әрекеттерінен түк шықпады.

Міне, Федор Достоевский өмірбаянының осы тұстары көрермен назарынан қалып қоюда. Әрине, бүгінде де Достоевский туындыларында ашатын жаңа қыр жетерлік. Жазушымен дауласуға да болады. Достоевскийдің өзі осыған дайын болса керек. Сондықтан оның туындыларында кереғар пікірлер мен кейіпкерлер өте көп. Қалай болғанда Достоевский еліктірер сюжет шебері екені даусыз!

Жаңалықтар
0