НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша — Sputnik. Алматы облысында спорттық үйірмеден кейін үйіне келе жатқан қызды көлік соқты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жергілікті пабликтің ақпаратына сәйкес, 15 жастағы оқушы пауэрлифтингпен айналысқан. Ертесіне туған күнін атап өтуге тиіс еді.
Жазба авторы жол дұрыс көрінбегенін жазған.
Алматы облыстық полициясы Sputnik Қазақстанға апат 9 қараша сағат 18.30-да Ортатөбе-Үштөбе жолында болғанын хабарлады.
Қайғылы оқиға Ортатөбе маңында болған. Алдын ала ақпарат бойынша 27 жастағы Toyota Mark II жүргізушісі жол шетінде келе жатқан қызды қаққан. Оқушы оқиға орнында көз жұмды.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес ("Көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.