Саясат

Тоқаев Ыстанбұлға барды

© Photo : Facebook / Берік УәлиКасым-Жомарт Токаев прибыл в Стамбул
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Стамбул - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына барды.

Мемлекет басшысы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Тоқаев сапар барысында бірқатар елдің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Бұған дейін саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылатыны хабарланған болатын.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0