Қоғам

Петропавлда жастар форумы өтті

© Photo : pixabay/rawpixelРуки
Руки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
"Жастар диалогы. Қазақстан - Ресей" форумына онлайн және офлайн форматта қырыққа жуық адам жиналды

ПЕТРОПАВЛ, 11 қараша – Sputnik. Петропавлда "Жастар диалогы. Қазақстан - Ресей" атты Ресей отандастарының IV жастар форумы өтіп, оған онлайн және офлайн форматта 40-қа жуық адам қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Форумға қатысушыларды құттықтаған Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Асқар Баймұқанов   болашақ жастардың қолында екенін, Қазақстан мен Ресейдің болашағы жастармен байланысты болатынын атап өтті.

"Ұлы жерлесіміз Мағжан Жұмабаев: "Мен жастарға сенемін" деді, бұл сөзде аға буынның өскелең ұрпаққа деген барлық үміті жатыр. Жастар қиын кездерде әрқашан жанымыздан табылды. Коронавирус инфекциясымен күрес кезінде жастардың арасынан шыққан еріктілер алдыңғы шепте жүрді. Олар қазір де дәрігерлерге, полицейлерге, бақылау топтарына  көмектесіп жүр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен көбіңіз "Халық алғысы" медалімен марапатталдыңыздар", - деді Баймұқанов.

Россотрудничествоның Қазақстандағы басшысы, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі Алексей Коропченко өзінің құттықтау сөзінде форумның жас қатысушыларын Россотрудничество жобаларына белсенді қатысуға шақырды.

"Еріктілік – біздің ұйымның негізгі міндеттерінің бірі және біздің қызметіміз Ресей мен Қазақстан жастары арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған. Дәл қазір Нұр-Сұлтанда Ресейден "Миссия добро" акциясы аясында келген волонтерлар тобы жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның ұлттық жастар ұйымымен бірлесіп жобаларды жүзеге асыруда. Жақында Тараз қаласында "Миссия добро" желісі бойынша жоба жүзеге асырылады, онда денсаулығында ауытқуы бар балалармен жұмыс істейтін ресейлік мамандар жергілікті мамандармен бірлесіп еңбек етеді. Бұл таза волонтерлік бағдарлама. Одан кейін Қазақстаннан Ресейге де осындай волонтерлік топтар барады", - деді Коропченко.

Сондай-ақ ол Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын одан әрі дамытуда жастарға үлкен үміт артылатынын атап өтті.

"Қазақстан мен Ресей ғасырлар бойы достық қарым-қатынаста және біздің барлық іс-әрекетіміз қарым-қатынасымызды дамытуға бағытталған. Жастардың осы достық, өзара көмек пен ынтымақтастықты жалғастыра бергенін қалаймын", - деп түйіндеді Алексей Коропченко.   

Жаңалықтар
0