Қоғам

Халық санағы аяқталды – нәтижесі қашан жарияланады

© Sputnik / Абзал КалиевНациональная перепись населения в Казахстане 2021
Национальная перепись населения в Казахстане 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жазылу
Биыл халық санағы алғаш рет электронды форматта өткізілді. Ұлттық статистика бюросы алынған деректерді өңдеуге кірісті

АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Ұлттық халық санағы аяқталды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұлттық халық санағы аяқталды. Санақ ел тұрғындарының барлық санатын қамтыды. Онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-і өтті. Жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылды. Ел тұрғындары онлайн санақтан өтуге белсене қатысты", - деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Оның сөзінше, халық санағына санақ персоналының 25 мыңға жуық адамы, сондай-ақ ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері мен орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.

"Ұлттық статистика бюросы алынған деректерді өңдеуге кірісті. Алдын ала деректерді желтоқсанда ұсынуды жоспарлап отыр. Санақтың қысқаша қорытындысы 2020 жылдың шілдесіне жоспарланған. 2023 жылдың бірінші тоқсанында санақтың толық қорытындысын жариялаймыз", - деді Айдапкелов.

Айта кетері, биыл халық санағы алғаш рет электронды форматта өткізілді.

Үкімет басшысы осы маңызды санаққа белсенді қатысқан қазақстандықтарға, сондай-ақ ұлттық статистика бюросының қызметкерлері мен науқанға жұмылдырылған азаматтарға алғыс білдірді.

Жаңалықтар
0