Қоғам

Әйелінің құпиясын біліп қалған: туған күндегі трагедияға қатысты жаңа дерек шықты

© Photo : pixabay / Markus Spiske Топор
Топор - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жазылу
Алматы облысындағы қанды оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Тәртіп сақшылары 32 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, полицейлердің айтуынша, ол әйелінің көзіне шөп салғанын білген бойда оның көңілдесін балталап тастаған.

Трагедия Қырғауылды елді мекенінде марқұмның үйінде болған.

32 жастағы ер адам досын туған күнімен құттықтауға келген. Мерекелік дастарханда алматылық жігіт әйелінің опасыздық жасағанын күтпеген жерден біліп қалып, 36 жастағы туған күн иесін балтамен ұрған.  

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның өмірін құтқарып қала алмады.

Ер адам есін жимастан қайтыс болды. Күдікті бірден ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Қылмыстық іс қозғалды.

"Алматы қаласының 32 жастағы тұрғыны адам өлтіргенін мойындады. Қылмыс құралы – балта тәркіленіп, іске заттай айғақ ретінде қосылды", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Күдікті 2014 жылы сотталған болып шықты. Ол кезде де адам өлтірген, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Бұл оқиға ауыл тұрғындарын есеңгіретіп тастады. Олардың айтуынша, Қырғауылдыда мұндай трагедия алғаш рет болып отыр.

"Бүгінге дейін біздің ауыл тыныш болатын. Мұнда көптен бері тұрамын, мұндай жағдай болған емес", - дейді Қасымхан Естемесов.

Оқи отырыңыз: Былтырғы оқиға есіне түсіп кеткен: Көңілдесін ұрып өлтірген атбасарлық сотталды 

"Жастарымыз өте тәрбиелі. Спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін тұтынбайды. Яғни, олардың бір жерде темекі шегіп тұрғанын көрмейсің", - дейді Анна Нұрлыбекова.

Күдікті "Адам өлтіру" бабы бойынша он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Жаңалықтар
0