НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша — Sputnik. Чилиде депутат Хаима Наранхо шамамен 15 сағат баяндама оқыды. Ол ковид-карантинінде жатқан өзге депутат Чили президенті импичменті үшін дауыс беруіне мүмкіндік жасаған, деп хабарлады Reuters.
Бұл жағдайға дейін Наранхо жергілікті BioBio радиостанциясына 1300 парақ мәтін әзірлегенін айтқан. Ол кем дегенде 13 сағат оқитынын жеткізген болатын. Бұл уақыт әріптесінің дауыс беруге мүмкіндік алуына жететін еді.
Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған Джорджо Джексон 9 қарашаға дейін карантинде болуға тиіс еді. Ол түн ортасына дейін үйде отырып, парламентке шықты.
Джексонның дауыс беру маңызды болғанын атап өту керек. Өйткені импичмент жарияланғаннан кейін 155 депутаттың 78-і қолдап дауыс беруі керек еді. Сондықтан әр депутат даусы қымбат болды.
15 сағат баяндама оқыған Наранхо 15 және 20 минутқа екі-ақ рет үзіліс жасаған. Түнде депутат Джексон Instagram парақшасында көлігіне отырып парламент ғимаратына бет алған видео жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Парламент отырысы 22 сағатқа созылған. Депутаттардың жоспары іске асып, тиісті дауыс жинады. Енді импичмент мәселесі Сенатта қаралады.