Қоғам

"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 40 бала дүниеге келді

CC0 / pixabay.com / Купание ребенка, иллюстративное фото
Купание ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жазылу
Бағдарлама 2021 жылдан бастап іске қосылды, оған республикалық бюджеттен 6 миллиардтан астам қаржы бөлінді

АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 40 бала дүниеге келді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазірге дейін 6 мың әйелге эко жасалды, бұл жалпы санның 84%-і. 740 адамда эко процедурасы басталды, есепке 2000-нан астам жүкті әйел тұрды. "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 40 бала дүниеге келді", - деді Мағрипа Ембергенова.

Ол сондай-ақ 2025 жылға дейін жыл сайын бала сүйе алмаған отбасыларға 7 мың квота бөлінетінін айтты.

Айта кетері, 2020 жылы бірінші қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бала сүйе алмайтын отбасыларға арнап "Аңсаған сәби" бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Президент ЭКО бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту қажет екенін айтты.

Бағдарлама 2021 жылдан бастап іске қосылды, оған республикалық бюджеттен 6 миллиардтан астам қаржы бөлінді.

"Аңсаған сәби" бағдарламасына бала сүюге үмітті, репродутивті жастағы кез келген жұп қатыса алады. ЭКО-ға отбасылық жұптар және жалғызбастылар да қатысады. Ол үшін Қазақстан азаматының міндетті медициналық сақтандыруы болуы қажет.

Квота кімге берілмейді

Нұр-Сұлтан қаласы №2 көпбейінді қалалық ауруханасының отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаеваның айтуынша, квота жатыр қуысына эмбрионынды имплантацияға кедергі келтіретін туа біткен немесе жүре біткен кемшілігі бар адамдарға берілмейді.

"Жүктілік барысында қарсы көрсетілімнің болуы, психологиялық, соматикалық өзгерістер, операциялық өзгерістерді қажет ететін аналық бездер, жатыр ісігі, онкология, есірткі және алкогольге тәуелді болу – жатырдан тыс ұрықтандыруға кедергі жасап, нәтижесін төмендететін немесе оң нәтижеге әкелмейтін көрсетілімдер", - дейді маман.

Жаңалықтар
0