Қоғам

Түркістанда қоғамдық тәртіп бұзған полиция қызметкері видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивное фото дорожного полицейского
Архивное фото дорожного полицейского  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жазылу
"Заң барлығына бірдей болуы керек" деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары

АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Түркістан облысында полиция қызметкері көлікте отырып, темекі тұқылын жерге лақтырып жіберген.

Ал өтіп бара жатқан адамның бірі оны алып, қызметтік көліктің салонына лақтырған. Оқиға видеосы Kris_p_tdk Instagram парақшасында жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАН 24/7 (@kris_p_tdk)

"Әкімшілік заңнаманы бұзғаныңызды түсініп отырсыз ғой?"- деп сұрады видео авторы полиция қызметкерінен.

Пікірде ер адамның бұл әрекетін оқырмандар қолдады. "Жарайсың! Дұрыс істеді", "Заң барлығына бірдей болуы керек" деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме беріп, Жетісай ауданы полиция бөлімінің қызметкеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы бойынша қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді ластағаны, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін әкімшілік хаттама толтырғанын, оған 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0