Өңірлер

Петропавлда босанған әйел коронавирустан қайтыс болды

© AFP 2022 / SEBASTIEN BOZONМедицинская аппаратура в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Медицинская аппаратура в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Әйел босанғаннан соң он күннен кейін көз жұмған. Денсаулық жағдайына байланысты дәрігерлер оны ерте босандыруға мәжбүр болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Петропавлда 32 жастағы босанған әйел коронавирустан көз жұмды. Оның өкпесінің көп бөлігі қабынғаны анықталды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әйел босанғаннан кейін он күннен соң көз жұмған. Денсаулық жағдайына байланысты дәрігерлер оны ерте босандыруға мәжбүр болған. Әйелдің өліміне қатысты тиісті сараптама тағайындалды.

"Оның көз жұмуына жүктіліктің 31-аптасында коронавирустық инфекциядан туындаған пневмонияға шалдығуы себеп болды. Өкпесінің көп бөлігі қабынғандықтан көрсетілген медициналық көмекке қарамастан босанған кейін оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деді басқармадағылар.

Дәрігерлер әйелдің вакцина алмағынын атап өтті.

Баланың денсаулығы жақсы, одан коронавирус анықталмады. Сәби ауруханада, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Жыл басынан бері облыста 646 жүкті әйел індет жұқтырған. Олардың 203-інде сырқат ағымы ауыр өтті, 58-і жасанды желдету аппаратына қосылды. Ал 38 әйел медициналық көрсетілім бойынша уақытынан ерте босандырылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0