Видео

Мотоцикл мінген байкер қыз қауіпті трюктер жасап жүр – видео

Жазылу
Санкт-Петербургте тұратын Дарья Харченко стантрайдинг спортымен шұғылданғанды жақсы көреді. Ол өзінің "темір тұлпарымен" өте қауіпті трюктерді қорықпай, шебер орындайды. Алайда оны қайталап жүрмеңіз!

Дарья Харченко – мотоциклде күрделі трюктерді жасай алатын Ресейдегі жалғыз стантрайдер қыз.  

Ол мотоциклге университетте оқып жүргенде қызығушылық таныта бастаған, ал қазір жүрудің әртүрлі элементтерін шебер орындай алады.

Санкт-Петербургтік байкер бактағы дрифт, свитчбэк бернаут және крест, бактағы вилли, скрейп және басқа да көптеген қауіпті трюктерді жасайды.  

Мотоспорт жанкүйерлеріне бұл атаулар жақсы таныс.

Дарияның Yotube каналы бар, онда ол трюктердің видеосын жариялап, өзінің экстремалды хоббиі туралы айтады.

Стантрайдинг – мотоспорттың ең экстремалды және әсерлі бағыттарының бірі, мұнда батылдық пен тепе-теңдікті сезіну маңызды.  

Жаңалықтар
0