Видео

"Грэмми иесімен қауышты": Imanbek сыйлықты табыстау рәсімінің видеосын бөлісті

Жазылу
Белгілі қазақстандық диджей өзінің YouTube арнасында жарты жылдай мұхит асып келген сыйлықты табыстау сәтінің видеосын бөлісті

Видео астында "Ұзақ уақыттан кейін Грэмми өз иесімен қауышты" деп жазылған.

Кадрда қазақстандық диджейге сыйлықты табыстаудың бейресми шарасы көрініс береді. Табыстау салтанаты қазанда Мәскеуде өткен болатын. Алайда қорытынды видео жақында ғана жарық көрді.

Павлодар маңындағы Ақсу қаласында тұратын Иманбек Зейкенов SAINt JHN орындайтын Roses әніне ремикс жасап, "Грэмми" иеленді.

Сыйлықты ресми түрде табыстау 15 наурызда өтті, алайда пандемияға байланысты Иманбек мүсіншені алуға бармады.

"Грэмми" (Grammy) - 1959 жылдан бастап Американың Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясы (NARAS) табыстайтын музыкалық сыйлық.

Биыл сондай-ақ Леди Гага, Ариана Гранде және Бейонсе де "Грэмми" иегері атанды.

Сонымен қатар Иманбек Зейкенов Billboard Awards марапатына ие болды. Billboard Awards – әртістердің музыкалық чарттардағы жетістігі үшін берілетін жүлде. Оны америкалық Billboard музыкалық баспа басылымы табыстайды.

Диджейдің айтуынша, ол жүлдені Saint Jhn орындайтын "Roses" әнінің ремиксі үшін "Үздік би/электронды ән" номинациясы бойынша жеңіп алған.

Жаңалықтар
0