Өңірлер

Атырау облысында әкімдіктің екі қызметкерінің үстінен іс қозғалды

© Sputnik / Тимур БатыршинПаспорт вакцинации в Казахстане
Паспорт вакцинации в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жазылу
Олар жалған құжатты Ақтөбе және Түркістан облысынан алдырған. Алайда көп кешікпей істері әшкере болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Атырау облысы Құрманғазы ауданында коронавирус екпесіне қатысты жалған құжат жасатқан әкімдіктің екі қызметкердің ісі сотқа жіберілді.

Ақжайық порталының мәліметінше, ауданда мекемлеттік қызметкерлерге коронавирус вакцинасын алу жөнінде нұсқама берілді. Онсыз қызметтен шеттетіледі.

Екпені алғысы келмеген екі мемлекеттік қызметкер, бірі аудан әкімі аппаратының 30 жастағы бас маманы, екіншісі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 36 жастағы бас маманы Ақтөбе және Түркістан облысынан вакцинацияның жалған паспортын алады.

Бірақ көп кешікпей бұл қадамдары әшкере болып, оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 385 бабы 3-ші бөлігімен ("Көрінеу жалған құжатты пайдалану") қылмыстық іс қозғалды.

Құрманғазы ауданының соты олардың бұрын сотталмағанын, өз істеріне шын өкінетінін ескеріп, әрқайсысына 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 43755 теңге айыппұл салуға үкім етті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0