Саясат

Келер жылы 31 заң жобасы әзірленеді

CC0 / Narcis Ciocan / Подписание документа
Подписание документа - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жазылу
Оның ішінде бірінші жартыжылдықта 11 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 20 заң жобасы парламентке енгізіледі

АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. 2022 жылға арналған үкіметтің заң жобалау жұмыстары негізінде 31 заң жобасы әзірленеді. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әділет министрінің айтуынша, оның ішінде бірінші жартыжылдықта 11 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 20 заң жобасы парламентке енгізіледі.

"Жоспар жобасы президент пен мемлекеттің стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттер негізінде қалыптастырылды. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексін", "Кәсіптік біліктілік туралы" және "Агломерацияларды дамыту туралы" заң жобалары әзірленеді. Ол мемлекет басшысының 2021 жылдың 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан туындап отыр", - деді Марат Бекетаев.

Сондай-ақ тұтынушылардың құқығын қорғау, сәйкестікті бағалау және жылу энергетикасына қатысты жаңа заң жобаларын әзірлеу жоспарланған.

Үкімет басшысы Асқар Мамин 2022 жылға арналған жоспардың жобасында бір кодекс пен бес жаңа заң әзірлеу көзделгенін айтты.

"Олардың арасында қоғамдық қатынастарды реттейтін үш жаңа заң жобасы бар. Бұл – тұтынушылар құқығын қамтамасыз ету және жылу энергетикасы мәселелері жөніндегі заң жобалары мен Әлеуметтік кодекстің жобасы. Үкіметтің 2022 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасын мақұлдауды ұсынамын", - деді Мамин.

Жаңалықтар
0