НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте 1 128 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тест арқылы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Өңірлердегі статистика
- Солтүстік Қазақстан облысы – 143
- Қарағанды облысы – 140
- Алматы – 134
- Павлодар облысы – 127
- Нұр-Сұлтан – 125
- Қостанай облысы – 102
- Шығыс Қазақстан облысы – 77
- Ақмола облысы – 70
- Алматы облысы – 55
- Батыс Қазақстан облысы – 27
- Шымкент – 24
- Ақтөбе облысы – 22
- Атырау облысы – 20
- Қызылорда облысы – 19
- Түркістан облысы – 19
- Жамбыл облысы – 12
- Маңғыстау облысы – 12.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 951 667 науқас тіркелді.
Бір тәулік бұрын COVID-19 инфекциясы 909 адамнан анықталып, 32 адам қайтыс болды.
Бір тәулікте коронавирустан 32 қазақстандық қайтыс болды
29 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан қайтыс болды.
10 қарашадағы жағдай бойынша 38 380 адам, оның ішінде 7 055-і стационарда, 31 325-і амбулаторлық деңгейде емделіп жатыр.
505 науқастың жағдайы ауыр, 147-сі өте ауыр жағдайда жатыр, 109 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.
Қанша адам вакцина салдырды
2021 жылдың 10 қарашасындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 8 455 353 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін, 7 727 793 адам 2-ші компонентін салдырды.