Өңірлер

Көктайғақ, жауын-шашын: синоптиктер 10 қарашадағы ауа райына болжам жасады

© Sputnik / Айгерим ТаубайПервый снег выпал в Алматы
Первый снег выпал в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Синоптиктер 10 қарашаға арналған ауа райына болжам жасады.

Солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Еліміздің шығысы, орталығы мен оңтүстігі ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, солтүстігінде жел жаяу бұрқасынмен күтіледі, батысында және солтүстігінде – тұман, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының түнде солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының солтүстік-батысында тұман, батысында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында тұман, жел 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі, солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-батысында желдің күшеюі 18 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0