Аңдатпа

Қазақстанда 10 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан
Виды города Нур-Султан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2021 жылдың 10-20 қараша аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 - Үкімет отырысы. Күн тәртібінде:

  • Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;
  • 2021 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы;
  • Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының жобасы;
  • 2021 жылғы ұлттық халық санағының аяқталуы.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтік желілерінен көруге болады.

10.00 - Мәжіліс отырысы өтеді. Отырысты онлайн режимде мәжіліс сайтынан және YouTube-тен көруге болады.

16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде "Аңсаған сәби" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған баспасөз конференциясы өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz; https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

"Русская красавица" көрмесі. Шараны "Перспектива" оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Нұр-Сұлтандағы Русский дом мен Мемлекеттік этнографиялық музей (Санкт-Петербург) ұйымдастырады. Экспозиция келушілерді 10 желтоқсанға дейін қуантады. Алдын ала жазылу бойынша ғана кіруге болады. Байланыс телефондары:+7 (7232) 51-09-33; +7 777 269-51-23) (Өскемен, "Алтай" технопаркі, Серікбаев көшесі, 37)

Қазақтың майдангер жазушылары жайлы онлайн-жоба. Нұр-Сұлтандағы Русский дом YouTube-каналында ерекше жоба басталды. Алғашқы серияны мына сілтеме арқылы көруге болады. 

8-14 қараша аралығында Алматы мен Өскемен қалаларында "Бажов Қазақстанда" халықаралық жобасының аясында орыс жазушысы Павел Бажовқа арналған оннан аса әдеби кеш, шығармашылық кездесу өтеді.

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Бернарда Альбаның үйі" спектаклінің премьерасы ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

19.00 – "Смешные деньги" спектаклі (Мәскеулік жас көрермен театрының сахнасы, Омаров көшесі, 47б).

АЛМАТЫ

18.30 – "Қарагөз" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Пері қатын" спектаклі (Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Айлакер жесір" спектаклі (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

19.00 – "Другая Дюймовочка" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

19.00 – "Гарольд и Мод" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

17.30 – "Астана" концерт залында "Салтанат" би ансамблінің концерті. Шара мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтеді. Шығармашылық ұжым қазақ халық билерін, түрлі әлем халқы билерін, сондай-ақ жаңа қойылымдар ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 (701) 641 00 68, +7 (775) 554 79 63, +7 (777) 517 89 03.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.

Жаңалықтар
0