Денсаулық

Маман ерлер денсаулығы үшін маңызды өнімді атады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМужчина держится за голову
Мужчина держится за голову - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Темекі шегіп, алкоголь ішіп, дұрыс ұйықтамайтын ер адамның денсаулығы айтарлықтай жақсы болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша - Sputnik. Ер адам еттен бас тартса, потенцияға кері әсерін тигізеді. Бұл туралы Sputnik радиосына Сексолог дәрігерлер кәсіби бірлестігінің президенті Евгений Кульгавчук айтты.

Еттен бас тарту жыныстық дисфункцияға әкеп соғады, деді дәрігер. Оның айтуынша, тамақта ақуыз аз болмауға тиіс. Сондай-ақ, темекі шегу, алкоголь ішіп, дұрыс ұйықтамайтын ер адамның денсаулығы айтарлықтай жақсы болмайды. 

Бірақ кейбір ер адамдың "жыныстық конституциясы мықты". Сондықтан ас мәзіріне қарамастан, сексуалдық мүмкіндігін сақтап қалады.

"Еттің құрамында холестерин бар, ол Лейдиг жасушаларындағы тестостерон синтезіне қатысады. Бұған қоса, бұлшықет массасын жоғалтпауға және ұлғайтуға қажет лейцин аминқышқылы бар", -деді дәрігер.

Алайда етті мөлшерден тыс жемеген жөн. Өйткені жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысы бұзылып, эрекцияға зиянды болады, деп жалғастырды Кульгавчук.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0