Қазақстанның атынан 250 әскери, 40-тан астам брондалған және автомобиль техникасы шығарылды. Бұдан бөлек, ондаған тікұшақ пен ұшқышсыз аппараттар аспанға көтерілді.
Оқу-жаттығулар кезінде екі елдің арнайы жасақтары бірлескен операцияны өткізіп, шартты түрде жаудың көзін жоюды орындап шықты. Сол кезде шабуылдаушы топқа авиация қолдау көрсетті.
"Бұл оқу-жаттығудың мақсаты – екі елдің әскери қызметшілерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуы. Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер тікұшақтан түсіп, жаудың тылында әрекет жасады. Әскерилер жауды жойып, алға қойылған мақсатты орындады", - дейді әскерилер.
Қазақстан мен Өзбекстанның арнайы жасақ сарбаздары қатысқан оқу-жаттығуларды видеодан көріңіз.