Әлем

Грекияда дәрігерлер вакцинаға қарсы адамдарға екпені жасырын қойған

© AFP 2024 / SAFIN HAMEDМедик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса
Медик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Енді ел билігі алдында нақты эпидемиологиялық жағдай мен ұжымдық иммунитет көрсеткішін бағалау міндеті тұр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Грекияда екпеге қарсы адамдар жалған вакцинация құжатын алу үшін дәрігерлерге 400 еуро ұсынған, деп хабарлайды Keep Talking Greece.

Алайда дәрігерлер оларға айтпай коронавирусқа қарсы вакцина қойған. 

Енді бұл елде заң жағынан түсініксіз жағдай туындап отыр. Екпеге қарсы адамдар келісімсіз медициналық процедура жасаған дәрігерлерді сотқа бере алады. Бірақ бұл үшін өздері пара ұсынып, жалған құжат алмақ болғанын мойындауға тура келеді.

Грекия билігі алдында елдегі нақты эпидемиологиялық жағдай мен ұжымдық иммунитет көрсеткішін бағалау міндеті тұр. Ковидке қарсы шаралар күшейтілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0