Қоғам

Ресей министрі Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесі туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр иностранных дел России Сергей Лавров и его казахстанский коллега Мухтар Тлеуберди
Министр иностранных дел России Сергей Лавров и его казахстанский коллега Мухтар Тлеуберди  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Лавровтың айтуынша Қазақстандағы орыс тілді қауым мен Ресейдегі қазақстандық қоғам қуатты байланыстырушы буын болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша — Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесі туралы айтты.

"Ресей мен Қазақстан: шексіз ынтымақтастық" мақаласында Лавров Қазақстан мен Ресей арасында ғылыми-ағартушылық және мәдени-гуманитарлық екіжақты жобалар қарқынды дамып, азаматтық қоғам бағытында жемісті диалог жүріп жатқанын айтты.

"Өкінішке қарай, соңғы уақытта Қазақстандағы орыс тілді азаматтарға қатысты ксенофобия туындаған жағдайлардың куәсі болдық. Көп жағдайда бұл жергілікті ұлтшылдықты өршіту және Ресеймен ынтымақтастықтың беделін түсіру мақсатында орындалып жатқаны байқалады", - деді Ресей СІМ басшысы.

Сергей Лавров Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықтың деңгейі кез келген жағдай бойынша бірлескен жедел іс-шара қабылдауға мүмкіндік беретінін айтты. Ол үшін екі елдің ІІМ, құқық қорғау және әділет органдары, президент әкімшіліктері, үкіметтік емес сектор, сараптамалық және журналистер қауымдастығы бойынша тікелей байланыстар қолданылады.

"Қазақстандағы орыс тілді қауым мен Ресейдегі қазақстандық қоғам қуатты байланыстырушы буын болып отыр. Екі тарап та орыс тілінің біріктіруші миссиясы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсініп отыр. Қазақстан Конституциясы бойынша орыс тіліне ресми мәртебе беріліп, ол қазақ тілімен қатар қолданылады. Бұл мәселеде өз өмірі мен жұмысын Ресей және ТМД кеңістігімен тығыз байланыстыратын Қазақстан жастары үшін үлкен артықшылық бар", - деді ол.

Оқи отырыңыз: "Бәйтерек" Қазақстанға ғарыш державалары клубына жол ашады – Лавров 

Сергей Лавров Ресей орыс тілін меңгерген педагогтар мен мамандарды даярлайтын Қазақстандағы мектептерді, кәсіби және жоғары оқу орындарын қолдауды жалғастыра беретінін айтты.

РФ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан мен Ресей жүріп өткен тарихи жол стратегиялық әріптестік пен одақтастық, әлдеқайда оңтайлы әдіс арқылы интеграция процестерін дамыту екі елдің өркендеуі мен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға сенімді тұғыр болып, ұзақ мерзімді мүдделерге сәйкес келетінін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0