Дерекқор

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы шахталардағы ірі апаттар

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАрхивное фото шахтеров в руднике
Архивное фото шахтеров в руднике - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан шахталарында болған ең ірі апаттар туралы айтамыз. Көп жағдайда шахтадағы апаттар метанның жарылуынан болған

Sputnik Қазақстан ел шахталарындағы ірі апаттарды жинақтады.

"Ақтас" шахтасындағы өрт (1994 жыл)

1994 жылы 16 наурызда Қарағанды облысы Саран қаласының маңындағы Ақтас ауылындағы шахтада өрт шығып, 11 адам қаза тапты. Өртті сөндіру кезінде өртті сөндіретін инертті газ берілетін құбыр үзіліп, оның ішіндегі газ тау-кен құтқарушылары жұмыс істеп жатқан учаскеге тарады.

"Қазақстан" шахтасында метан жарылды (1994 жыл)

Қарағанды маңында орналасқан "Қазақстан" шахтасындағы жарылыс 1994 жылдың 7 шілдесінде болған. Үйінді астында 14 адам қаза тапты.

Ленин атындағы шахтада метан жарылды (1995 жыл)

1995 жылдың 24 қарашасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласында болған төтенше жағдай 13 адамның өмірін қиды.

Ленин атындағы шахтада метан жарылды (2006 жыл)

Төтенше жағдайлар ішінде ең көп адам қайтыс болған ауқымды оқиға 2006 жылдың 20 қыркүйегінде болды. Жарылыс желдету құбырларын ауыстыру кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуына байланысты шықты. Төтенше жағдайдан 41 адам қайтыс болды. Оқиғадан кейін алты жұмысшы сотталды.

"Абай" шахтасында метан жарылды (2008 жыл)

2008 жылдың 11 қаңтарында Қарағанды облысының Абай қаласындағы шахтада болған қайғылы оқиғадан 30 шахтер қаза тапты. Төтенше жағдайды тергеу барысында өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылауға жауапты екі шенеунік қызметінен айырылды.

"Саран" шахтасындағы төтенше жағдай (2016 жыл)

2016 жылдың 10 қарашасында Қарағанды облысының шахталарында ірі апат болды. "АрселорМитталТеміртау" компаниясының "Саран" шахтасында жұмысшылар жоғарыға көтерілген кезде арбаның тросы үзілді. Салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы біреуі ауруханада көз жұмды.

"Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша апатқа шахтаның үш жұмысшысы – кабинаны монтаждаған жұмыскер, машинист және учаске бастығы кінәлі деп танылды. Үшеуі де бес жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қазақстан" шахтасындағы апат (2017 жыл)

2017 жылдың 31 тамызында сағат 04:21-де Қарағанды облысы Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Қазақстан" шахтасында желдету түйісімінде кенет көмір мен газ атқылаған. Сол уақытта шахта ішінде 136 адам болған, оның ішінде үш адам авариялық қазбада болған. Сағат 05:35-те шахта қызметкері зардап шеккен үш адамның мәйітін тапты.

Төтенше жағдай салдарынан 1983 жылы туған Ахметжанов Рустам Ренатович, 1980 жылы туған Руденко Валерий Валентинович және 1986 жылы туған Шебанов Максим Сергеевич қайтыс болды.

Шығыс Қазақстандағы жарылыс (2020 жыл)

2020 жылдың маусымында Шығыс Қазақстан облысында орналасқан "Шығыстүстімет" ЖШС Орлов өндірістік кешенінің шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тапты. Тағы бір шахтер ауруханаға жеткізілді. Оқиға 16 маусымда сағат кешкі он шамасында Бородулиха ауданының аумағында болды.

Газдан уланды (2020 жыл)

Қайғылы оқиға 2020 жылдың 30 желтоқсанында кешке жарылыс жұмыстары кезінде болды. "Ақтөбе Мыс компаниясы" ЖШС-нің төрт қызметкері қайтыс болды. Олар: тау-кен шебері Асхат Қайқанов, жарушы Рустам Шәметов пен Денис Черный, жүргізуші Берік Жақыпов.

Өлімнің алдын ала себебі – газдан улану. Кеніштегі жұмыстар тоқтатылып, қызметкерлер жер бетіне шығарылды.

Факт Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

"Абай" шахтасында метан жарылды (2021 жыл)

2021 жылдың 7 қарашасында сағат 09:30-да Қарағанды облысы Абай қаласындағы "Абай" шахтасының кенжарында метан жарылды. Шахтада 64 қызметкер болған, 56 адам бірден эвакуацияланды. 3-К10 кенжарында сегіз жұмысшы қалған, оның ішінде алты адам қайтыс болды, екеуі газдан уланды. Олар ауыр жағдайда жатыр.

Жаңалықтар
0