Аңдатпа

Қазақстанда 9 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана, Дом министерств
Виды Нур-Султана, Дом министерств - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2021 жылдың 9-20 қараша аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

9 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

8-14 қараша аралығында Алматы мен Өскемен қалаларында "Бажов Қазақстанда" халықаралық жобасының аясында орыс жазушысы Павел Бажовқа арналған оннан аса әдеби кеш, шығармашылық кездесу өтеді.

НҰР-СҰЛТАН

15.00  - Русский дом Павел Бажовтың қазақ және орыс тіліндегі "Күміс тұяқ" атты кітабының тұсаукесерін өткізеді. Өтетін орны: №2 балалар кітапханасы, Кравцов көшесі, 1/1.).

19.00 – "Хан кегі" спектаклінің премьерасы ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

19.00 – "Абай" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Көнеден жеткен сырлы әуен" спектаклі ("Астана" концерт залы, Кенесары көшесі, 32).

19.00 – "Осенний вечер" Serata d`autunno вокалды-инструменталды музыка кеші ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 – "Жеңіс жалауы" спектаклі (Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

АЛМАТЫ

16:00 - Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "Алматыда цифрландыруды, IT секторды дамыту және мамандар даярлау, сондай-ақ басқарманың ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмысының қорытындылары туралы" баспасөз-конференциясы өтеді. Спикер – Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қонырбаев. Аккредиттеу мен баспасөз-конференциясының тақырыбына қатысты сұрақтарды WhatsApp чаты арқылы ( ❓ акимату Алматы Covid19) 8 қараша сағат 18:00-ге дейін жолдауға болады. Іс-шара оффлайн форматта өтеді және әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім арқылы көрсетіледі. Көрсетілім: Алматы әкімдігі, ӨКҚ және Open Almaty-ның Facebook-тегі ресми парақшаларында.

18.30 – "Қызыл орамалды шынарым" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Қыз Жібек" спектаклі (Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы, 103).

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

17.30 – "Астана" концерт залында "Салтанат" би ансамблінің концерті. Шара мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтеді. Шығармашылық ұжым қазақ халық билерін, түрлі әлем халқы билерін, сондай-ақ жаңа қойылымдар ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 (701) 641 00 68, +7 (775) 554 79 63, +7 (777) 517 89 03.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.

Жаңалықтар
0