НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. 5 қарашада Өскеменде титан-магний комбинатында екі адам көз жұмды. Алайда олардың өліміне не себеп болғаны анықталмады, деп хабарлайды Алтайньюс сайты.
Басылымның хабарлауынша, көз жұмған жұмысшының бірінің ағасы кәсіпорын басшылығының әлі олармен хабарласпағанына алаңдаушылық білдірді.
Қайтыс болған адамдар бүгін жерленді.
"Алайда бізбен ешкім хабарласпады. Біз оның неден, қандай жағдайда көз жұмғанынан хабарсызбыз", - дейді ол.
Облыстық полиция департаменті тек өлім жағдайы тіркелгенін және сот сараптамасы тағайындалғанын айтты.
"5 қарашада Ертіс ауданы полиция бөлімі екі адамның өліміне әкеліп соққан еңбек қауіпсіздігін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі күні тиісті сот медициналық сараптама тағайындалды", - деді полициядағылар.