Өңірлер

10°C аяз болады: синоптиктер үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Абзал КалиевСиница склевывает семена на заиндевевшей березе
Синица склевывает семена на заиндевевшей березе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Алдағы үш күнде елде жел күшейіп, елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін

АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Қазгидромет 9-11 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктер болжамына сәйкес, батыс, солтүстік-батыс пен солтүстіктің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.

Тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деген болжам жасалды.

11 қарашадан бастап ауа температурасы батыс, солтүстік-батыста түнде -10...0°C аязға дейін, күндіз -5...+5 °C жылыға дейін төмендейді. Оңтүстік-батыста түнде +2...+7°C жылы, күндіз +5...+10°C жылы болады.

Солтүстікте -2...+3°C-қа дейін жетеді.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашын жаумайды, күндіз ауа температурасы +5...+15°C дейін көтеріледі.

Жел жылдамдығы 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 9 қарашада күн ашық, түнде -2°C, күндіз +5°C жылы. Сәрсенбіде күн бұлтты, түнде -2°C, күндіз +4°C жылы. 11 қарашада қар жауады, түнде -1°C, күндіз +3°C болады.

Алматыда сейсенбіде күн бұлтты, түнде 0°C, күндіз +8°C жылы. 10-11 қарашада күн ашық, түнде 0...+2°C жылы, күндіз +8°C көрсетеді.

Шымкентте 9 қарашада күн бұлтты, түнде +3°C, күндіз +13°C жылы. 10-11 қарашада түнде -1...+1°C болса, күндіз +13...+15°C болады.

Жаңалықтар
0