Оқиға

Алматы орталығында бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген – полиция түсініктемесі

© Sputnik / Владислав ВодневМашина скорой помощи
Машина скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Алматы қаласының полиция департаменті кісі өлімін растады. Іс Медеу ауданы полиция бөлімінде қаралып жатыр

АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде қызды өлтіріп, артынша өртеп жібергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жалобы Алматы🇰🇿 (@zhaloby.almaty)

Жазбаға сәйкес, оқиға "Латифа" тұрғын үй кешенінде болған.

"Алматыда Достық, 138 мекенжайында орналасқан "Латифа" тұрғын үй кешенінде қызды өлтірген. Алдымен тұншықтырып, кейін өртеп жіберген. Учаскелік полицияға бұған дейін тәулікке берілетін пәтерлерде притон бар екенін бірнеше рет айттық. Бірақ олар тұрғындардың сөзін елемеді. Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр", - делінген желідегі жазбада.

Алматы қаласының полиция департаменті кісі өлімін растады.

Полиция ақпаратына сәйкес, аталған дерек қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Іс Медеу ауданы полиция бөлімінде қаралып жатыр.

"Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қылмыстың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр", - деп мәлімдеді полиция.

Жаңалықтар
0