Қоғам

Смартфон деректері ұрланғанын қалай білуге болады

© Photo : Pixabay / PexelsСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Смартфон деректерінің қолды болғанының бір белгісі – телефон қуатының тез таусылуы, дейді маман

АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Сарапшы смартфонға киберқылмыскердің енгенін қалай білуге болатынын айтты.

Мұны телефон қуатының тез таусылуы, шоттағы қаржының жұмсалуы секілді белсенділік арқылы анықтауға болады, деді Angara компаниялар тобының бизнесті дамыту жөніндегі техникалық директордың орынбасары Руслан Косарим Прайм агенттігіне берген сұхбатында.

"Смартфон деректерінің қолды болғанының бір белгісі – телефон қуатының тез таусылуы. Егер қуаты тез таусылатын болса, оның ішіне құпия вирус пайда болған болуы мүмкін. Яғни телефондағы белсенділік аккумуляторға жүктемені арттырады", - дейді сарапшы.

Сонымен қатар телефонда сіз жүктемеген жаңа қосымшалардың пайда болуы, ол қосымшалардың өшпеуі немесе жабылмауы да телефонды біреу бұзғанын көрсетеді.

Маман бұл қатарға телефонның бірден өшіп қалуы, антивирусты іске қоса алмау, күдікті хабарламалар мен шоттан ақшаның негізсіз жұмсалуын да жатқызды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0