Әлем

Ресей газ жеткізу бойынша Еуропамен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өту"Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысы
Солтүстік ағын – 2 газ құбырының құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Газ нарығын либерализациялау – бұл ең алдымен баға түзу механизмін өзгерту. Бұрын келісімшарттардың басым бөлігі мұнай бағасына тәуелді болып келді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Еуропа ұзақ жылдар бойы Ресейден газ тәуелділігін бәсеңдетуге тырысып келді.

Нарықты либеризациялау – келісімшарттарды спотты бағаларға тәуелді ету негізгі құралдардың біріне айналды.

Көгілдір отын жеткілікті шақта және ол мұнайдан арзан болған кезеңге дейін бұл әдіс сәтті жұмыс істеді. Енді Батыс жаңылысып, тым қымбат ақы төлегені анықталды, деп жазды РИА Новости.

Тым биік жоспарлар "Оңтүстік ағын" құрылысы мен баламалы жеткізушілерге басымдық беру, сұйылтылған табиғи газ импортын кеңейтуді де қамтыды. Бұл – Қара теңіз түбі арқылы Анапа ауданынан болгариялық Варна портына дейін газ жеткізуге арналған жүзеге асырылмай қалған халықаралық жоба.

Еуропадағы энергетика дағдарысына кім кінәлі – сарапшы пікірі

Газ нарығын либерализациялау – бұл ең алдымен баға түзу механизмін өзгерту. Бұрын келісімшарттардың басым бөлігі мұнай бағасына тәуелді болып келді. 20 жыл бұрын Еуроодақ бұл әдістен бас тартуды жөн көрді. Альтернативасы – газ хабтарындағы баға. Негізінен бұл барлығы сұраныс пен ұсынысқа тәуелді жанармай биржасы.

Нидерланды мен Ұлыбританияда хабтар құрылып, АҚШ пен Катардан жеткізілетін сұйылтылған табиғи газ көлемін ұлғайтты. 2008 жылғы жаһандық қаржылық дағдарыс кезінде шикізат күрт арзандап кетті. Бұл Еуроодақтың импортты әлдеқайда қымбат мұнаймен емес, газдың спотты бағасына байлап қоюға деген талпынысын үдете түсті.

Осылайша The WallStreet Journal жазғандай, еуропалық шенеуніктер мен компаниялар соңғы онжылдықта "Газпромға сәтті қысым көрсетіп келді".

Ресей Еуропаға газ жеткізуді арттыруы мүмкін

2019 жылға қарай ресейлік алып компанияның ЕО-мен арадағы келісімшартының жартысынан көбі спотты немесе форвардты бағаға негізделді.

Еуропа "әр түрлі жеткізушілер бәсекелесе алатын әртараптандырылған нарық пайда болды" деп қуанды. Газ тұрақты түрде мұнайдан арзан болды. Тәуелсіз энергетикалық консультанттардың есебі бойынша ЕО70 миллиард доллар үнемдеді. Алайда осы жылы барлығы өзгерді.

Көгілдір отынның биржадағы бағасы үш жүз-төрт жүз процентке дейін шарықтады. Ұзақ мерзімді келісімшарттар жеткізуді бірнеше айға дейін кешіктіруді есепке алды. Бірақ қосымша шикізат көлемін қазіргі баға кесімі бойынша сатып алуға тура келді. Себебі келісімшартпен қамтылғандар жетіспей отыр.

"Газ жеткілікті болған кезде стратегия жақсы жұмыс істеді. Алайда тапшылық туындап, баға шарықтаған шақта оның тиімділігі болмай қалды. Халықаралық энергетика агенттігінің есебі бойынша, ЕО 2021 жылы бұрынғы талапты ұстанған кездегіден 30 миллиард долларға артық ақы төлейтін болды.

Еуропадағы министрлер осы мәселенің шешімін іздеп әлек. Алайда Ресей келісімшартта көрсетілген шикізат көлемін ғана жеткізсе, онда қанша бас қатырғанмен, бұл проблеманың шешімін таба алмайды.

Еуропа Ресей газынан бас тарта ала ма – сарапшымен сұхбат

"Баламалы энергетиканың үдемелі дамуына басымдық беріп, "Газпромның" OPAL газ құбырына қолжетімділігін шектеген Еуроодақ билігі энергетикалық дағдарыс туындатты. Соның салдарынан Ресейде газ айдау қарқыны төмендеді де, қазір ол шикізатты аукционда сатуды көздеп, оның көлемін арттыруға асығар емес", - деп түсіндерді тәуелсіз өнеркәсіп сарапшысы Леонид Хазанов.

Бірақ Еуропа алған бетінен қайтатын емес. Қазанның басында Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен жеткізушілерді әртараптандырып, таза энергияға көшуге және Еуропаны газ импортынан тәуелділіктен құтқаруға шақырды.

Бірақ Орталық Азиядан бастап еуропалық тау жыныстарынан жеткізілетін сланецті газдың көлемі ұлғаяды деген үміт ақталмады. Нидерландыдағы Гронинген кен орнының сарқылуы салдарынан ЕО-ның өзінде өндіру қысқарды.

Ал сұйылтылған табиғи газ әлі де құбыр газынан 30 процентке қымбат. Оның үстіне оған қажетті инфрақұрылым да жетіспей тұр. Ал оның құрылысы тым ауқымды шығынды қажет етеді. Нәтижесінде Еуроодақ тұтынып отырған газдың 90 проценті импорт болса, оның жартысына жуығы Ресейден жеткізілуде.

"Солтүстік ағын–2" жобасы кедергіге ұшырауы мүмкін бе

Bloomberg жазғандай, Мәскеу ережені қайта қарастырғысы келіп отыр. Еуропаға спотты баға арқылы жеткізулер тиімді болғанымен, Ресей ұзақ мерзімді келісімшарт жасауды қалайды. Бұл туралы РФ президенті Путин "Ресейдегі энергетика аптасы" форумында да айтты.

"Ұзақ мерзімді келісімшарттар жеткізулердің тұрақтылығын және бірнеше жылдық баға түзілімін қамтамасыз етеді, - дейді Хазанов. – Ал спотты сауда кезінде қаржылай салдары әр алуан болуы ықтимал үлкен ауытқушылық болады. Сондықтан спотты әуре-сарсаңнан гөрі ұзақ мерзімді келісімшарт әлдеқайда тиімді".

РФ Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының бас директорының орынбасары Алексей Гривач осы саланың ерекшелігіне байланысты ұзақ мерзімді келісімшарттар өте маңызды болып отырғанын айтты. Оның айрықша белгісі ретінде ұзақ инвестициялық кезеңді, барлық кезеңдегі жоғары капиталды шығындарды, маусымға тәуелділігі мен сақтау қиындығын атауға болады. Еуропадағы реформаторлар дәл осыдан құтылғысы келгенімен, керісінше, тұрақсыздыққа тап болды.

Жаңалықтар
0