Қоғам

Парламент мәжілісіндегі отырыс бір минут үнсіздікпен басталды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание мажилиса парламента
Здание мажилиса парламента  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Қарағанды облысы Абай қаласындағы шахтада болған төтенше жағдай салдарынан алты адам қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Мәжілісте ішкі істер органдарын реформалау тақырыбына арналған үкімет отырысында депутаттар мен құқық қорғау органдарының өкілдері Абай шахтасында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қарағанды облысындағы Абай шахтасында болған жарылыстан бірнеше адам қайтыс болды. Осы болған оқиға бәріміздің жанымызға батады. Марқұмдардың отбасына, жақындарына, бауырларына қайғырып көңіл айтамыз", - деді мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева.

Осыдан кейін отырысқа жиналғандар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Еске салсақ, жексенбі, 7 қарашада таңертең Қарағанды облысы Абай қаласындағы шахтада метан газы жарылды. Апат кезінде шахтада барлығы 64 адам болған. 56 адам өз бетінше жер бетіне шыққан. Алты адам қаза тапты, тағы екеуі ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-тармағы (Екі және одан да көп адамның өліміне алып келген тау және құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қаза болған кеншілердің отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

 

 

Жаңалықтар
0