НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Орал қаласында ер адам жер қазып жатып, танкіге қарсы мина тауып алды.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ақпаратынша, оқиға 3 қараша Сарайшық көшесіндегі үйде болды.
35 жастағы қала тұрғыны түстен кейін жер қазып жатып, минаға ұқсас зат тауып алған. Кейінірек оның азаматтық соғыс заманынан қалған, басты жарылғышы жоқ, танкіге қарсы мина екені анықталды.
"Саперлер тиісті шара қабылдап, минаны полигонға қауіпсіз жерге шығарып, сағат 18.12-де жойды", - делінген хабарламада.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыз: