Елорда тынысы

Елордада сауда орталықтарына статусы "көк" адамдар да кіріп жатыр

© Sputnik / Ксения ВоронинаВоспитанники детского дома в торговом центре
Воспитанники детского дома в торговом центре - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Әкімдіктің ресми сайтында 8 қарашадан бастап ойын-сауық орталықтарына "жасыл" статусы бар адамдар ғана кіре алатыны туралы ақпарат жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Елорданың сауда орталықтарына Ashyq-тағы "көк" статусқа ие азаматтар да еркін кіріп-шығуда.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі демалыс және жұмыс күндері "көк" статусы бар азаматтарға сауда орталықтарына кіруге тыйым салатын бас санитар дәрігердің қаулысын күтіп отырғанын айтты.

Еске салсақ, елорда әкімдігінің ресми сайтында 8 қарашадан бастап сауда орталықтарына "жасыл" статусы бар адамдар ғана кіре алатыны туралы ақпарат жарияланды.

"8 қарашадан бастап қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті болған кезде және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар ғана жұмыс және демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарына кіре алады", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігі.

Біраз күн бұрын Алматы кәсіпкерлер палатасы ведомствоаралық комиссия осындай шараны қарастырып жатқанын және пилотты жоба алдымен бас қалада іске қосылатынын мәлімдеді.

Алайда кейіннен "Mega" сауда орталығының баспасөз қызметі бас санитар дәрігер қаулы жарияламағандықтан, сауда орталықтарына "көк" және "жасыл" статусты адамдардың кіруіне тыйым салынбағанын мәлімдеді.

"Бүгін, 8 қарашада, сауда орталықтары Ashyq-тағы статусы жұмыс күндері "жасыл" және "көк" адамдарға сауда орталықтарының аумағына кіруге рұқсат берілген Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың 24 қыркүйегіндегі соңғы №44 қаулысының талаптарына сәйкес жұмыс істеп отыр. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы немесе Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланғанға дейін жаңа шектеу шаралары негізсіз болып саналады", - деп жазылған Mega баспасөз қызметі ұсынған жауапта.

Әкімдік мәліметі бойынша, карантин талаптарын бұзғандардың басым бөлігі дәл осы сауда орталықтарында анықталған.

Әкімдікте сауда орталықтары адам көп шоғырланатын орын болғандықтан, мұндай нысандарда ауру жұқтыру қаупі жоғары екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0