Қоғам

Елбасы белгілі мемлекет қайраткерінің қазасына байланысты отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Абзал КалиевЕлбасы Нурсултан Назарбаев на избирательном участке
Елбасы Нурсултан Назарбаев на избирательном участке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді, делінген Елбасы жолдаған жеделхатта

АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР ағарту министрі болған Қажахмет Балахметовтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қажахмет Балахметовтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Жеделхат мәтіні Елбасы сайтында жарияланды.

"Қажахмет Балахметұлы өзінің барлық саналы ғұмырын халыққа білім беру ісіне арнаған абзал азамат болатын. Ол кезінде ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР оқу-ағарту министрі қызметін атқарып, саланың дамуына зор еңбек сіңірді. Сонымен қатар қоғамдық істерге де атсалысып, жұртшылықтың шынайы ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді. Оның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді", -делінген Елбасы жолдаған жеделхатта.

Қажахмет Балахметов 1926 жылы 26 маусымда Ақмола облысында туған. Қазақ КСР ағарту министрі қызметін 1974-1987 жылдары атқарды.

Балахметов министр болған жылдары мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша түбегейлі шешімдер қабылданды. Сонымен қатар мектептер мен балабақшалар, оқу орындарының құрылысы қарқынды жүргізілді.

Білім беру мәселелеріне арналған 70-тен аса еңбегі жарық көрген.

Қажахмет Балахметов 6 қарашада 95 жасында өмірден өтті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0