Қоғам

Аспаннан у шашып жатыр деген ақпарат Қазнетті шулатты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Әкімдік дезинфекциялық жұмыстар кезінде рұқсат етілген препараттар және жерүсті автокөлігі пайдаланылатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Қазнетте Таразда түсірілген видео қызу талқыға түсті.

Кадрдан аспанда ұшып өткен ұшақтан қалған ақ із көрінеді. Автордың айтуынша, бұл адамдарды улайтын химикат. Алайда Жамбыл облысының әкімдігі мұны жоққа шығарды.

"Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Таразда дезинфекциялау немесе аспаннан қандай да бір заттарды шашу арқылы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Дезинфекциялық іс-шараларды арнайы мекемелер рұқсат етілген препараттармен және жерүсті автокөлігімен жүргізеді", - деді ведомстводағылар.

Аспанда ұшақ артынан қалған із конденсациялық із деп аталады. Ол ұшақ суық және ылғалды ауа массаларының арасынан өткен кезде түзіледі. Конденсациялық із әртүрлі пішінде болады және әртүрлі уақыт аралығында көрінеді, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0