Видео

Ақтаудағы жарылыс: дәмхана кірпіштері 200 метрге дейін ұшты – видео

Жазылу
Жексенбінің кешінде Ақтаудағы шағын аудандардың бірінде болған жарылыс салдарынан дәмхана ғимаратының күл-паршасы шықты

Қазір ғимарат қирандылары тазартылып жатыр, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметі бойынша жарылыс кезінде дәмханада адамдар болмаған. Мұны нысан иесі де растады. Кейінірек оқиға орнына келген қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы медициналық мекемелердің ешбіріне жарылыстан зардап шеккендер түспегенін айтты.

Куәгерлердің айтуынша, дәмхана кірпіштері жарылыс кезінде екі жүз метр қашықтыққа дейін ұшқан. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар, полиция мен коммуналдық қызмет мамандары, яғни жалпы саны 230-дан астам адам оқиға орнында жұмыс істеп жатыр және бұл жұмыстарға ондаған арнайы техника жұмылдырылды.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті басшсысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, газ қоспасының таралуы жарылыстың негізгі себебі ретінде қарастырылып отыр. Оқиға орнынан екі газ баллоны табылды, үйінді астында тағы екеуі бар. 

Қирандыларды тазарту жалғасып жатыр. Куәгерлер, соның ішінде видеоблогер Азамат Сәрсенбаев оқиға орнынан суреттер жариялауда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Жаңалықтар
0