2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда өндірілген көмір көлемі 82,1 миллион тоннаны құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ке артық.
Көмір өндірісі бойынша көшбасшы өңірлер
Өндірістің жартысынан астамы Павлодар облысына тиесілі, мұнда 47,9 миллион тонна тас көмір өндірілді. Тағы үштен бір бөлігі – Қарағанды облысының үлесінде (27,7 миллион тонна). Үшінші орында 6 миллион тонна көмір өндірілген Шығыс Қазақстан облысы тұр.
Көмір бағасы
Екінші жыл қатарынан бағаның өсуі тіркеліп отыр. Мысалы, 2021 жылдың қыркүйегінің қорытындысы бойынша елдегі тас көмір бағасы орта есеппен 5,1%-ке өсті.
Көмір Қазақстанның 17 облысының 14-інде қымбаттады. Бағаның айтарлықтай өсуі Шығыс Қазақстан облысында (жылына 10,8%-ке) тіркелді. Жамбыл және Түркістан облыстарында баға 8,6%-ке өсті. Тек Батыс Қазақстан облысында тас көмір бағасы 1%-ке арзандады.
Ең қымбат көмір Оралда – бір тоннасы 19,3 мың теңгеден, ең арзаны Семейде - 9,8 мың теңгеден сатылып жатыр.