Оқиға

Абай шахтасындағы апат: қаза болғандардың аты-жөні жарияланды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивное фото шахтера на руднике
Архивное фото шахтера на руднике - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2021
Жазылу
Шахтада қаза болғандардың тізімі жарияланды: үң үлкені 53 жаста, ең кішісі 31 жаста болған

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Қарағанды облысы Абай шахтасындағы апат салдарынан қаза болған кеншілердің аты-жөні мен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды.

Шахтадағы апат кезінде зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олар газдан қатты уланған. 61 және 58 жастағы кеншілерге қойылған диагноз – токсикогипоксиялық энцефалопатия.

Сонымен қатар қаза болғандардың тізімі жарияланды: барлығы – 1968-1990 жылдары туған ер адамдар.

  • Краус Сергей, 1983 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
  • Шмидт Виталий, 1979 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
  • Абдуллин Наиль, 1990 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
  • Корниенко Сергей, 1971 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
  • Супрунов Алексей, 1987 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
  • Скитченко Николай, 1968 жылы туған.

Жексенбі, 7 қарашада сағат 09:30-да Қарағанды облысы Абай қаласындағы шахтада төтенше жағдай болды. Шахтада барлығы 64 адам болған. 56 адам өздері жер бетіне шыққан. Метан газы тараған 3-К10 кенжарында сегіз адам қалған. Алтауы қаза тауып, екеуі зардап шекті, олардың жағдайы ауыр.

Жаңалықтар
0