Мәселен, туберкулезбен ауыру 4 еседен астам, ал одан болатын өлім-жітім 5 есе азайды.
"Қазіргі уақытта елімізде және қала бойынша туберкулезді бақылау бойынша үлкен жетістіктер бар. Туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асырудың маңызды нәтижелері туралы айтуға болады. 2020 жылы карантин кезеңінде алдын алу шараларының шектелуіне, халықтың МСАК ұйымдарына жүгінуінің азаюына байланысты "жоғары қауіпті" топтарда туберкулезді анықтаудың үш есе төмендегені байқалды, бұл 2020 жылдың қорытындысы бойынша сырқаттанушылықтың 23,6%-ға дейін күрт төмендеуіне әсер етті", - дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу орталық және өңірлік деңгейде туберкулез/АИТВ/COVID саласындағы ҮЕҰ қызметінің тұрақтылығын арттыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу бойынша шешім қабылдайтын тұлғалардың қатысуымен өтті.