Видео

Жасыл желек елордамен бірге жайқалып келеді – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласында жасыл желек отырғызу жұмысы биыл қарқынды түрде жүріп жатыр. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 1 042 468 дана жасыл желек отырғызылады

Отырғызылатын бір миллионнан аса жасыл желектің ішінде 890 151-і – көшет.

Көктемгі ағаш отырғызу аясында жоспарланған жылдық көлемнен отырғызылған жасыл желектердің саны 489 290 дананы құрады, оның ішінде қала аумағына – 37 024 дана жасыл желек және елорданың "Жасыл белдеуі" аумағына – 452 266 көшет егілді.

Елбасы "жасыл белдеуге" ұлттық саябақ мәртебесін беруді ұсынды

Ал күзгі ағаш отырғызу осы жылдың 15 қыркүйегінде басталды. Оның барысында 553 178 дана жасыл желек отырғызу жоспарланған. Ал 15 қыркүйектен бері қала аумағында 115 293 дана ағаш отырғызылды. Олардың арасында қызыл тал, татар үйеңкісі, шырша, қарағай, қайың, емен және т.б. бар.

Президент: ботаникалық бақта экзотикалық өсімдіктердің өсуіне жағдай жасау қажет

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елорда іргесіндегі "Жасыл белдеу" аумағына ерекше көңіл бөледі. Күзгі ағаш отырғызу барысында "Жасыл белдеуге" 437 885 дана көшет егіледі.

Күзгі отырғызу жұмыстары аясында барлығы 576 278 дана ағаш және бұта, 32 453 бұталы қоршау отырғызылды.

Жаңалықтар
0