НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Бостандық ауданы Нұрлытау ықшам ауданында көмірмен жылытатын пештегі ақау салдарынан төрт адам улы газбен уланды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
5 қараша күні таңғы сағат 8.30-да Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментіне Нұрлытау ықшам ауданында қатты отынмен жылытатын пештің ақауы салдарынан төрт адамнан тұратын отбасының улы газбен уланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Анықталғандай, олар бұл баспананы жалдап тұрған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
1981 жылы туған әйел ауруханаға жатудан бас тартты, алайда оның 20 және 12 жастағы ұлдары және 11 жастағы қызы орташа және жеңіл дәрежелі ауыр халде ауруханаға жатқызылды.
Тексеру барысында пештегі жарықтың салдарынан үйге түтін таралғаны анықталды. Үшінші қазанда осы ауданда жеке тұрғын үй секторын аралау кезінде Бостандық ауданының төтенше жағдайлар қызметкерлері жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірме әңгіме жүргізген болатын.