Өңірлер

Бастығының қолтаңбасын пайдаланған: жүкті келіншек екі жарым жылға сотталды

© Photo : Рixabay/PexelsБеременность
Беременность - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Келіншек аудандық әкімдікте есепші болып жұмыс істеген. Ол мекеме басшысының цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, өзінің есепшотына 939 мың теңгені заңсыз аударып алған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айдана Кардашеваның ісіне қатысты сот үкімі шығарылды. Экс-шенеунік сеніп тапсырылған бөтен біреудің мүлкін талан-таражға салғаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2019 жылы Кардашева аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бухгалтериясында бас маман қызметіне тағайындалған. Басшылық бұйрық шығарып, құжаттарға қол қою құқығын берген.

Кардашева болса, 2019- 2021 жылдары аралығында бөлім басшысының цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, банктегі жеке есепшотына 939 мың теңгені аударып алған.

Сотта ол өз кінәсін толығымен мойындады. Ақшаны қайтарып берді. 28 жастағы әйелдің 10 жасар баласы бар. Оған қоса, қазір аяғы ауыр.

Бөрлі аудандық соты бұрынғы мемлекеттік қызметшіні кінәлі деп танып, 2,5 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Ол өз жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтейді. Оған қоса, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Судья Кардашеваның асырауында кәмелет жасқа толмаған баланың бар екенін ескеріп, жазаны өтеу мерзімін үш жылға шегерді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 15 күннің ішінде арыз түсіруге болады.

Айта кетері, Қардашева қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша іс қозғалған. Оған сәйкес, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, 1 000 АЕК (2 917 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, я болмаса, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0