Спорт

Дикий Арман спортшыларға ақша таратты – министрлік не дейді

© Photo : Скриншот видео из соцсетейДикий Арман и боксер сборной Казахстана на ЧМ-2021
Дикий Арман и боксер сборной Казахстана на ЧМ-2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Желі қолданушылары арасында Дикий Арманның боксшыларға ақша берген видеосы қызу талқыға түсті. Кейіннен бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаевтың Арман Жұмагелдиевпен бірге түскен видеосы тарады

АЛМАТЫ, 5 қараша – Sputnik. Дикий Арман деген атпен танымал қылмыс әлемінің серкесінің әлем чемпионатына қатысқан қазақ боксшыларына ақша таратты. Осыған қатысты Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан бокс федерациясының басшылығына ресми сұрау жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Арман Жұмагелдиевтің қазақстандық боксшыларға ақша таратқан видеосы тарады. Instagram-пабликтердің бірі Дикий Арманның Қазақстан атынан шыққан әр спортшыға екі мың доллардан (шамамен 840 мың теңге) таратқанын жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty/Astana🇰🇿 (@megapolis.kz)

Мәдениет министрлігі ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру федерация мен министрліктің ресми тұлғасы емес азаматтың жеке бастамасы екенін айтты.

"Қазақстан бокс федерациясы Белград қаласында спортшыларды дайындауға, бокстан қазақстандық делегацияны басқаруға және сүйемелдеуге және олардың коммуникациясына жауап береді. Қазір Сербияда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы бар, оларға министрлік аталған факті бойынша түсініктеме алу үшін ресми сұрау жіберді", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Мәдениет және спорт министрлігі өз тарапынан бокстан ұлттық құрама команда спортшыларын сапалы даярлау үшін барлық жағдай жасағанын жеткізді.

Мәдениет және спорт министрлігі бокстан ұлттық құраманың даярлығына, жиынына және халықаралық жарыстарына 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлген.

Сондай-ақ түрлі халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жеңісіне, соның ішінде әлем чемпионаттары үшін ақшалай төлемдер қарастырылған:

  • 1-орын үшін 15 000 АҚШ доллары;
  • 2 орын үшін 7 000 АҚШ доллары;
  • 3-орын үшін 5 000 АҚШ доллары.

Сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына да қаржы төленеді:

  • 1-орын үшін 10 000 АҚШ доллары;
  • 2 орын үшін 5 000 АҚШ доллары;
  • 3-орын үшін 3 000 АҚШ доллары қарастырылған.

Айта кетері, желі қолданушылары арасында Дикий Арманның боксшыларға ақша берген видеосы қызу талқыға түсті. Кейіннен бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаевтың Арман Жұмагелдиевпен бірге түскен видеосы тарады. Ол жерде Дикий Арман әлем чемпионатына қонақ болып келгенін, қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетіп жатқанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty/Astana🇰🇿 (@megapolis.kz)

"Ұтылған спортшыларға ақша беріп жатыр деп шу шығып жатыр. Ол өз қалтамнан берілген ақша. Спортшылардың еңсесі көтерілсін деп берілді. 18 жастағы мықты-мықты спортшылар, олар ұтылған жоқ, ұтты. Ертең олардың спорттан көңілі қалып, спортты тастап кетуі мүмкін. Жаман жағынан емес, жақсы жағынан істелген амал", - деді Арман Жұмагелдиев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ / СОБЫТИЯ / МЕДИА (@kazakhstan.media)

Жаңалықтар
0