Өңірлер

Жас ана қарыздан құтылу үшін сәбиін 60 мың теңгеге сатып жіберді – видео

© Photo : pixabay.comНожка младенца, иллюстративное фото
Ножка младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Ол баланы сатқысы келмегенін, ақша қажет болғандықтан, осы әрекетке амалсыз барғанын айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша - Sputnik. Жаңа босанған әйел құрбысының кеңесі бойынша сәбиін 60 мың теңгеге сатып жіберген.

Әйел алты жыл бұрын қарыздан құтылу үшін осындай қадамға барған. Қазір осы әрекеті үшін жазасын өтеп жатыр, ал ұлы балалар үйінде тәрбиеленуде, деп жазды Оtyrar басылымы.

Ол жүктілігі туралы білгеннен кейін жалғыз қалған. Баланы қалай асыраймын деп алаңдаған әйелге құрбысы сәбиді басқа отбасыға тапсыру туралы кеңес берген. Ол тіпті баланы асырап алатын отбасын тауып берген.

"Мен босанғаннан кейін нәрестені алып кетті. Ешқандай наразылығым жоқ екені туралы қолхат жазып бердім. Кейін 60 мың теңге көлемінде көмек сұрадым. Қарыздарымнан құтылып, кепілде жатқан жеке куәлігімді алу керек болды", - деді сотталған әйел.

Ол баланы сатқысы келмегенін, ақша қажет болғандықтан, осы әрекетке амалсыз барғанын айтады.

"Мен кінәмді мойындап, полицияға өзім бардым. Кейіннен сот болып, мені 7 жылға соттады. Осы ісім үшін қатты өкінемін. Барлық ата-анаға балаларыңызға қамқор болыңыздар дегім келеді. Себебі олардан қымбат ешкім жоқ", - дейді ол.

Жаңалықтар
0